Туған күніңіз құтты болсын!
Досқа туған күн құттықтаулары
21 құттықтау
Есімдерді қосыңыз — олар барлық құттықтауларда шығады
21 көрсетілді
Туған күнің құтты болсын, досым!
Ұзақ жаса! Жарқын күндерің көп болсын!
Туған күн құтты болсын!
Бірінші — ұзақ жасты өмірлі бол,
Екінші — адал кәсіпке бейімді бол.
Үшінші — тіл мен көзден аман бол.
Бар жақсыға лайықсың! Туған күнің мерейлі болсын!
Қымбатты досым, туған күнің құтты болсын! Саған сарқылмас қуат пен биік белестер тілеймін. Өмірің сәтті, бақытты болсын!
Құтты болсын келген туған күніңіз,
Тілекші көп, біз де соның біріміз.
Ортамызда жанашыр боп жүресің,
Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.
Үзілмесін өміріңнің жыр-әні,
Бақытыңның өрге тартып бұлағы.
Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,
Келер күннің сәулелі боп шуағы.
Жиі күлімдеп жүр! Туған күніңмен!
Ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңізден шығып, өмір сізді бақыт құшағында аяласын! Осы ретте жақындарыңыздың мерейлі күнін айшықтайтын тілектерімізді жолдаймыз.
Туған күн ерекше күн әрбір жанға,
Жан досымды асықтым мен құттықтауға.
Бар бақытты тіледім бір өзіңе,
Армандарың орындалсын бұл өмірде.
Денсаулығың мықты боп әрқашанда,
Жүре берші жадырап ортамызда.
Демеп жүрер жанның бірі сенсің қиналғанда,
Үзілмесін достығымыз ешқашанда!
Жыл бойы сәттілік серігің болсын!
Тау суындай таусылмас қайрат,
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы,
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы!
Туған күніңмен! Өмірің шаттыққа толсын!
Мейірлі жүзің болсын,
Дархан пейілің болсын.
Қайсар жігерің болсын,
Бақыт серігің болсын.
Досым, туған күнің құтты болсын! Денсаулық, береке және жаңа жеңістер тілеймін.
Қадірлі досым, қуанышта да, қиын сәтте де жанымнан табылғаның үшін рақмет. Ақ ниетің жақсылық болып, еңбегің үлкен табыс болып өзіңе қайтсын.
Жорам, қалтаң толы, көңілің тоқ, жолдасың әрдайым сенімді болсын! Тойың құтты!
Мектепте бір партада,
Аулада бір доп қуған —
Жүрміз әлі қатарда,
Жан досым — бір туғандай!
Бүгін сенің тойыңда
Айтар тілек бір ғана:
Не жүрсе де ойыңда,
Бәрі келсін алдыңа!
Қармақ салып, таң атқанша от жақтық,
Көлік бұзылса — бірге итеріп бақтық.
Сен сияқты дос — менің байлығым сол,
Туған күніңде тілегім — тек шаттық!
Пәтер ауыстырғанда да, ауырғанда да, тойда да — қашан қоңырау шалсам да, «келе жатырмын» дейсің. Мұндай достың бағасы алтыннан да қымбат. Туған күніңде саған дәл өзіңдей адал достар мен таусылмас қуат тілеймін.
Саған сыйлық таңдап, екі апта дүкен араладым. Ақыры конвертке салып әкелдім — өзің таңдарсың, досым!
Тағы кімді құттықтайсыз?
Туған күнді ұмытпаңыз
Күнтізбеге еске салғыш қосыңыз — бір күн бұрын ескертеді, құттықтаулар да қолыңызда болады.
Өлеңдер, жүрекжарды мәтіндер және қысқа хабарлар — таңдап, көшіріп, жіберіңіз.
Досқа туған күнге 21 құттықтау қазақша: өлеңдер, жүрекжарды тілектер және қысқа хабарлар. Көшіріп, Telegram не WhatsApp арқылы жіберіңіз.
Жиі қойылатын сұрақтар
досқа қандай туған күн құттықтаулары сай келеді?
Бұл бетте өлеңдер, жүрекжарды мәтіндер және қысқа хабарлар жиналған. Ұнаған мәтінді таңдап, «Көшіру» түймесін басыңыз да, оны Telegram немесе WhatsApp арқылы жіберіңіз.
Құттықтауды Telegram немесе WhatsApp арқылы қалай жіберуге болады?
Әр мәтіннің астында Telegram және WhatsApp түймелері бар. Керек түймені бассаңыз — құттықтау жаңа хабарға автоматты түрде қосылады.